Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізілген «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы сәтті аяқталды.Бұл жоба былтыр шілде айында басталып, 6 айға созылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар саны 500-ге жуықтайды. Барлық кезеңнен сүрінбей өткен 208 педагог жоба сертификатына ие болды.
Ернұр ЖАНАТҰЛЫ, ЖОБА ҚАТЫСУШЫСЫ:
Қазір біз конкурссыз, бос мектепке директор болып өзімізді ұсынамыз. Біз өзіміз ұсынамыз және де кадрлық резервтен басқа түлектерін таңдамаса, ең бірінші бергені, сол мектепте директор болып қалады.
Толқын ҚАЙЫРБЕКҚЫЗЫ, "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ" ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Теорияны жай ғана беріп қоймадық, біз үміткерлердің "егер мен осы теорияны мектепке барып, енгізетін болсам, қалай енгізер едім? Нені жақсартуым керек?" деген сияқты рефлексиялық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.