Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды

Алматыда 12 мыңнан астам тұрғын қолжетімді медициналық көмек ала алады. Жетісу ауданының Кемел шағын ауданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұдан былай тұрғындардың шалғайға сабылмай, қалалық №21 емхана филиалы медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығынан толыққанды қызмет алуға мүмкіндігі бар. Орталық бір ауысымда 200 адамға қызмет көрсетеді. Амбулатория заманауи талаптарға сай жабдықталған. Онда қазір 6 бөлім жұмыс істейді.

Ерлан ҚҰДАБАЕВ, «КЕМЕЛ» ОТБАСЫЛЫҚ-ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Терапевтикалық, педиатриялық бөлім бар. Әйелдер консультациясы бар, хирургиялық бөлім бар. Күндізгі стационарлық, физиоотделение бар. Халық басқа поликлиникаға немесе узкий специалистерді басқа жақтан іздеп жүрмей, біздің емханамызда қабылдай береді.