Бүгін
«Қазақстанның құрметті азаматы» жобасының жеңімпаздары анықталды. Ел
егемендігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа 10 үміткер қатысты. Өз
саласында, қоғамда кәсібилік пен белсенділік танытқандарға халық дауыс
берді. Нәтижесінде екі айқын көшбасшы анықталды. Олар - Мұрат Қабылбаев пен
Марина Чейшвили. Ұйымдастырушылар екі үміткерге де байқаудың бас жүлдесін
беріп, Астанадан баспаналы болуға
лайықты деп шешті.
Айдын
Рақымбаев, "Қазақстанның құрметті азаматы" жобасының ұйымдастырушысы:
Әрине,
біз үшін бұл үлкен тәжірибе болып отыр. Қайырымдылық шараларына атсалысу біздің
дәстүрге айналған. Жеңімпазды таңдау да оңайға соққан жоқ. Барлығы да лайықты
жандар. Нақты шешім кеше түнде ғана шығарылды. Бұл сыйлықтарымыз қатысушылардың
өміріне қуаныш әкеледі деп сенеміз.
2
бөлмелі пәтерге ие болған Марина Чейшвили отбасымен Астанада жалдамалы пәтерде
тұрады. Ол - Онкология және трансплантология ғылыми орталығының маманы. Ал Мұрат
Қабылбаев болса - ауыл тұрғыны. Жары екеуі жетім қалған 9 баланы бауырына басып,
өздерінің тағы бір баласымен 10 бүлдіршінді тәрбиелеп отырған отбасы. Көпбалалы әке мұндай сыйлыққа дән риза.
Мұрат
Қабылбаев, конкурс жеңімпазы:
Бұл
шынымен де қуанышты жағдай. Осындай жобаны ұйымдастырғаны үшін алғысымды
білдіремін. Дауыс берген барша
қазақстандықтарға алғыс білдіремін. Үздік ондықтың қатарында болуға лайық деп
таныған қазылар алқасына да рахмет айтамын.
Айбек ҚОСАН