Русский Сайттың толық нұсқасы

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт мешітте тұратын отбасыға үй сыйлады

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2024
  • 1137

Әкесі балдақпен жүрсе, анасының көзі нашар көреді.

Smart News басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде «Человек в маске» атымен танымал, бетперде киген жұмбақ жігіт мұқтаж жандарға көмектесумен айналысады. Аты-жөні мен кім екені белгісіз жігіт бұған дейін жақсылық жасау арқылы көптеген отбасыларға үй алып, науқас жандардың еміне жәрдемдескен.

Осы жолы бетперде киген жігіт мешіттің жалдамалы бөлмесінде тұратын отбасыға көмек ретінде үй сыйлап, жұртты тәнтті етті.

Белгілі болғандай үйлі болғандар, екі баласы бар толық отбасы. Отбасының әкесінде денсаулық жағынан кінәрат бар. Оның диагнозы оң жақ санның жаңа артрозы, 3-ші деңгейлі оң жақ диспластикалық коксаартроз. Ал анасының көзі нашар көреді. Бір көзі "-7", ал екіншісі "-8" деңгейде.