Русский Сайттың толық нұсқасы

"Көңілімнің бәрі сол жақта". Актриса Гүлназ Жоланова отбасылық өмірі туралы айтты

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2024
  • 3811

Актриса Гүлназ Жоланова әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Өнер иесі жеке өміріне қатысты мәселелерді де атап өтті,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, отбасылық өмірін көрсетуге рұқсат жоқ.

 "Отбасылық өмірім керемет. Көңілімнің бәрі отбасымда десем болады. Ал оны бөлісуге рұқсат жоқ", - деп жазды актриса.

Сондай-ақ, ол "тұрмысқа шықпай қалсам не болады" деген қорқыныш болмағанын атап өтті.

 "Қорқыныш болған жоқ. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Олай қорқып жүргенше қыздар қыдырыңыз, оқыңыз, демалыңыз, саяхаттаңыз, өзіңізбен арпалысыңыз" , - деп жазды ол.