Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапония Айға кемесін қондырған бесінші ел болды

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2024
  • 1570

Жапония алғаш рет Айға ғарыш кемесін қондырды. Жапон ғарыш агенттігі қондырғыш модулі Айда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айды зерттеуге арналған Smart Lander немесе SLIM – жеңіл автокөліке ұқсас жеңіл ғарыш модулі. Ол "дәл қону" технологиясын пайдаланады, бұл бұған дейінгі Ай миссиясына қарағанда әлдеқайда ірі бақылау жасайды. Осылайша Жапония АҚШ, Ресей, Қытай және Үндістаннан кейін Айға қонған бесінші ел болды.

Бұл – Жапонияның аэроғарыштық барлау агенттігінің (JAXA) ғарыш аппараттарын дәл қондыру технологиясы бойынша жиырма жылдық жұмысының жемісі.

Миссияның басты мақсаты – Айдың кез келген жеріне қонуға мүмкіндік беретін жаңа қону технологияны сынау. Қонғаннан кейін ғарыш кемесі Айдың шығу тегі туралы білімді кеңейту үшін топырақ үлгілерін зерттейді, соның ішінде арнайы камераның көмегімен минералдарды талдайды.

Сәуірде жапон компаниясының ғарыш кемесі Айға қонбақ болған кезінде апатқа ұшырады, ал жаңа флагмандық зымыран наурыз айында дебюттік ұшырылымын өткізе алмады.