Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тан Қазақстанға есірткі алдыртып келген тұлға 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2024
  • 1663

Пошта арқылы есірткі алдырып келген.

Smart News басылымының хабарлауынша, шетелден есірткі затын сәлемдемемен алған тұлға сотталды.

Өткен жылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын аса ауыр санатына жататын қылмыстық істердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар да енді.

2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан азамат А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды. Олардың үкімі бойынша кінәлі тұлға сотпен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұл азаматтың АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді, есірткі Қазақстан аумағында сату және оданматериалдық пайда табу мақсатында алынып келінген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.