Жаппай улану фактісіне байланысты миллиардер Болат Өтемұратовқа тиесілі Rixos Borovoe қонақ үйіне айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бурабай қонақ үй басқармасы" ЖШС “халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу” бойынша кінәлі деп танылып, мемлекет пайдасына 4 830 000 теңге айыппұл төлеу жазасына тартылды.
"Бурабай" шипажайында 2023 жылдың 8 қыркүйегінде "Rixos" қонақүйіндегі мекеменің 21 қызметкерінен бактериялық ішек инфекциясы анықталған. Тоғыз жұмысшының Көкшетау ауруханасына жеткізілгені белгілі болды. Бұдан кейін санитарлық қызметтер "Burabay Hotel Management" ЖШС қонақүйін тексерді.
"Говяжья А" шұжығының сапа құжаты және сәйкестік декларациясы жоқ. Cospa өнімдерінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерін күнделікті тексеру жүргізілмеген. Сараптама барысында 13 қызметкерден "St.aureus", бес сынамадан таяқша бактериялары егілгені анықталды", – деп мәлімдеді санитарлық қызмет.
Сот құқықбұзушының өз кінәсін мойындауын назарға алып, мекеменің жұмысын тоқтатпады. Тіпті айыппұлды көлемін азайтып, 6,9 миллион теңгені 30%-ға ұлғайтып, өнімдерді тәркілемей, 4, 8млн теңге өндіртті.