Русский Сайттың толық нұсқасы

"15 жылға бостандықтан айырылды": Бойжеткен анасымен бірге өз әкесін өлтіріп тастаған

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2024
  • 1835

Гүлзада Сәлім жас қызды өз әкесі зорламақшы болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Білген дұрыс" YouTube арнасында экс-кәсіпкер Гүлзада Сәлім түрмеде отырған қыздардың жанайқайын, жағдайын жеткізді. Ол өзі жаламен төрт жыл шамасында түрмеде отырып, бостандыққа шыққан.

"Жауқаштыда болған кезімде анасы мен қызы отырғанын көрдім түрмеде. Ол екеуін бірге отырғызған түрмеге. Қыз әкесін, әйел күйеуін өлтірген ғой, былай айтқанда. Екеуіне 15 жыл берген. Әйелдің күйеуі қызын зорламақшы болған. Сонда шешесі қызын қорғау үшін, күйеуін өлтіріп тастаған. Қызумен. Ашумен", - дейді экс-кәсіпкер.