Русский Сайттың толық нұсқасы

Ninety one тобының әншісі Alem солтүстік аруымен заңды некеге тұрды

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2024
  • 1709

Әлем лақап атымен танымал Ninety one тобының мүшесі Вероника Жанғалова есімді арумен заңды некеге тұрды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Кім ойлаған сонау Өзбекстанның ең шетінен келіп, Қазақстанның солтүстігінен Никаға жолығады деп.
Бақытты болыңдар, балаларым. Қуаныштымын!», – деп әнші видеосының сипаттамасына анасының сөзін жазып қойған.

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, құттықтауларын жолдады.

«Екеуіне қарап әлемде махаббат бар екеніңе сенесің», «Махаббаттарыңыз мәңгі және мәнді болсы», «Бұл күнді қанша күттік. Құтты болсын!», – деп жақсы тілектерін жаудырған оқырмандар.

Сонымен қатар әншінің таңдаған аруы Вероника Жанғалова да өзінің Instagram-дағы парақшасында ресми түрде ерлі-зайыпты болғанын жария етті.