Танымал коуч Роза Әшірбаева ажырасқан әйелдердің жай-күйі туралы айтты , - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Оның сөзінше, қоғамда ажырасқан отбасындағы әйелді ғана сөгуге құмарлар бар.
"Біздің қоғамда әйел "ажырасқан" деген атаққа ие болғысы келмейді. Ол туыс пен ортаң үшін өліммен тең. Бұл жүктің ауырлығын тек ажырасқан әйел біледі. Байқасаңыз, ажырасқан еркекті ешкім сөкпейді, ол кінәсіз, оның әйеліне отбасын сақтап қалмады дейді жұрт… Күйеуінен қорлық көріп жүрген әйелдің екі ғана жолы бар:
1. Еркектің қорлығына шыдап, түбінде не оның қолынан, не денсаулығының нашарлауынан өлу;
2. Ажырасудың жүгінен өліп барып тірілуге тырысу, өзі және туған балалары үшін өмір сүру;
Еркектен қорлық көріп жүрген әйелде таңдау аз. Қайда барады ол? Кім оны түсінеді? Кім оны сөкпей қабылдайды? Егер сіз ажырасқан қазақ әйелін көрсеңіз біліңіз, ол жанын сақтап қалу үшін сөгістің аласапыран отына күйді. Оның жүрегі мәңгі жаралы. Ол енді еркекке сенбейді. Қазақ әйелі ажырасқысы келмейді, оны еркек ажырасуға итермелейді…", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары коучтың пікірін құптады.
"Толық келісемін, ешкім тұрмысқа ажырасамын деп шықпайды", "Өтеее орынды айтылған. Кейбір Имам-Ұстаздар ажырасқан әйелдер дер астын сызып тұрып, екінші сорт ретінде қарап тек Әйелге ақыл айтады. Соған итермелеген еркексымақты назарларына да ілмейді және әдемілеп ақтап алады. Өкінішке орай...", "Дәл тауып айтылған сөздер", "Дұрыс айтасыз", - дейді олар.