Русский Сайттың толық нұсқасы

Балқашта «Қазақмыстың» қоймасында өрт болды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2024
  • 1228

Балқашта "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қоймасында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

19 қаңтарда сағат 19:17-де Балқаш қаласында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің қоймасында өрт шықты. Бір қабатты №21 жеке қоймада кеңсе тауарлары сақталатын.

Қойманың жалпы ауданы – 1800 ш.м. Көмекші тауар материалдар өртенген.

Кешке жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін тергеу анықтайды.