Русский Сайттың толық нұсқасы

Сеулдегі "қанды" хэллоуин: полиция басшысы айыпталды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2024
  • 1667

Оңтүстік Кореядағы 2022 жылы Хэллоуин кезінде қаза болған 158 адамның өліміне Сеул полициясының басшысы кінәлі деп айыпталды. Бұл туралы The Guardian жергілікті прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

«Ким Кван Хо адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдамай, қосымша қызметкерлерді кезекшілікке қойған жоқ», делінген.

Естеріңізде болса, 2022 жылдың қазан айында Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 158 адам мерт болған. Киммен бірге 22 полиция қызметкері сот алдында жауап беріп жатыр,-деп жазады 24.kz.