Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында бейітке барған тұрғын жоқ болып кеткен

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2024
  • 1639

Атырауда 11 күн бұрын жоғалған адам әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды AtyrauPress.

Жылыой аудандық полиция бөлімі мәлім еткендей, 9 қаңтар күні 1985 жылы туған Жылыой ауданының азаматы белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған. Іс-түссіз жоғалған адам 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында “коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім” деп анасына хабарласқан. Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі Төтенже жағдайлар қызметі және Әкімшілік қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде.