Жаңадан
жасақталған Мәжіліс сапалы реформалар жасайды деген үміт мол. Саясаттанушылар
пікір осы. Себебі Қазақстанның алдында тұрған Ұлт жоспары идеяларын жүзеге
асыру үшін тыңғылықты, тіпті түбейгелі өзгеріс қажет болуы мүмкін. Халық
қалаулылары осыны басты қағида етіп ұстануы тиіс. Сарапшылар бұған ел сенімі
жеткілікті екенін баса айтып отыр. Сайлаудың да мерзімінен бұрын өткізілуіне
осы себеп болған.
Айдос
Сарым, саясаттанушы:
Бұл мәжіліске артылар сенім мол. Оның рөлі де
басқаша болуы тиіс. Ұлттық жоспарды орындаудағы міндеттер де жоғары. Сондықтан
сапалы, халық сенімін ақтайтын депутаттар құрамы жасақталуы керек.
Реформалардың орындалуы ең алдымен сапасынан көрінбек. Алда үлкен саяси
міндеттер тұр. Осыны ескерсе екен.
Ерлан
Сайыров, саясаттанушы:
Партиялар
сайлау науқанға жақсы дайындалған. Оған үгіт-насихат барысында көз жеткіздік.
Барлығы да заң талаптарын сақтады. Алдағы жұмыстарын да
жауапкершілікпен атқарады деп ойлаймын.
Құралай ПИОНЕР