Алдын ала мәлімет бойынша, Ауғанстанда радардан жоғалып кеткен Falcon 10 ұшағының бортында болған төрт адам тірі, тағы екеуіне қатысты ақпарат нақтыланып жатыр, деп хабарлайды KAZINFORM ақпарат агенттігі.
«Ресейдің Ауғанстандағы елшілігінің ақпаратына сәйкес жергілікті жердегі іздестіру-құтқару қызметі Falcon 10 ұшағын тапты. Ұшақ бортындағы алты адамның төртеуі тірі (олардың әртүрлі жарақаты бар), екі адамның тағдыры нақтыланып жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.
«Талибан» қозғалысы құрған үкімет жанындағы Көлік және авиация министрлігі бұл ақпаратты растады.
«Іздестіру-құтқару тобы кеше 20 қаңтарда радардан жоғалған ұшақты тапты, оның ішінде ұшқышты қосқанда төрт адам тірі», — делінген хабарламада.
Министрліктің нақтылауынша, тірі қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.