Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2024
  • 1904

Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды.

2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен.

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмады.

«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді» деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.