Русский Сайттың толық нұсқасы

Канвон-2024: Конькишілеріміз қысқа қашықтықты бағындыра алмады

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2024
  • 1252

Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында конькимен жүгіру жарысынан екі қазақстандық спортшы қатысты, - деп жазды inform.kz

500 метр қашықтықта сынға түскен Руслан Жанәділов — 38.26 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 14-ші болып кесіп өтсе, тағы бір отандасымыз Михаил Матрюхин — 39.56 секунд көрсеткішімен 18-ші орынға табан тіреді.

Жарыс нәтижелері:

500 метр. 31 қатысушы

1-орын (германия) Финн Соннекалб— 36.61 секунд

2-орын (Норвегия) Мика Клевстуен — 36.79 секунд

3-орын (Оңтүстік Корея) Сеонанг Шин — 37.13 секунд

14 орын (Қазақстан) Руслан Жанәділов — 38.26 секунд

18 орын (Қазақстан) Михаил Матрюхин — 39.56 секунд

Кезекті жүлде жиынтығы ертең 1 500 метрде сарапқа салынатын болады.