Русский Сайттың толық нұсқасы

Күріш қымбаттады

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2024
  • 2115

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БӘҚА) күріштің көтерме сауда нарығына талдау жүргізді. Талдау көрсеткендей, нарық жоғары шоғырланған, негізгі өндірушілер (20-дан астам) Қызылорда облысында орналасқан.

Меншікті өндірістің төмендеуі және импорт үлесінің жылдар бойынша динамикада 4-тен 12% - ға дейін ұлғаюы байқалады.

Судың жетіспеушілігіне және шығындардың өсуіне байланысты егіс алқаптарының әдейі төмендеуі байқалады.

Бұл ішкі баға өсімінің жоғары динамикасының басты себебі болды. Егер 2022 жылы күріш бағасының өсуі 36%-ды құраса, 2023 жылы – 39%-ды құрады, бұл өткен жылы 3,4%-ды құраған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуінің жалпы деңгейінен айтарлықтай асып түседі.