Русский Сайттың толық нұсқасы

Ішімдік ішіп, лифтіні зақымдады

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2024
  • 1063

Елордада тұрғын үйдің лифт тақтасына зақым келтірген мас азамат жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны өтініш білдіріп, тұрғын үй кешенінің кіреберісінде тұрған белгісіз ер адам үй мүлкіне зақым келтіргенін, содан кейін лифті істен шыққанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бұзақының жеке басы анықталды. Ол 27 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Бұзақы ашуланғандықтан масаң күйінде лифтінің таблосын ұрып, тепкен. Оның бұл әрекеттері камераға жазылып қалғаны өзіне дәлел болған. Елордалық полицейлер қала тұрғынына қатысты “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.