Русский Сайттың толық нұсқасы

Алты партия жетекшілері де өз учаскелерінде дауыс берді

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2016
  • 1700

Бүгін алты бірдей партияның жетекшілері де өз учаскелеріне барып, көппен бірге дауыс берді. Барлығының көңілдері көтеріңкі, 7 пайыздық межені бағындыруға үмітті. Дегенмен, сайлаушылардың дауысы шешеді дейді.  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Астанадағы №16 учаскеде болды. Көпшілікпен бірге кезегін күтіп, өз таңдауын жасады.

Ал «Ақ жол» партиясының төрағасы саяси науқанға бала-шағасын ерте келіпті. Қазақстан тұрғындарын Әз Наурызбен құттықтауды да ұмытқан жоқ. Елордадағы 66-шы сайлау учаскесі де сайлаушыларды ән шашумен қарсы алып жатты. «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев қазақ елі осы жолғы сайлауда ел болашағына дауыс береді деп есептейді. 

Ал Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы төрағасы сайлауалды дода кезінде саяси ұйым беделінің артқанына сенімді. Өйткені электоратпен тыңғылықты жұмыс істегендерін айтады. Алматыдағы 372 сайлау учаскесіне Жалпыұлттық социал-демократтардың жетекшісі Жармахан Тұяқбай келіп таңдауын жасады. Оның пікірінше, халық бұл сайлауда өзгеріске дауыс беруі тиіс. Саясат сахнасындағы «жас» ұйымдардың қатарында "Бірлік" партиясы да бар. Аталған саяси ұйымның жетекшісі де 7 пайыздық межені бағындырудан үмітті екенін айтады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ