Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер сілкінісі кезінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2024
  • 1822

Алматыда қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ

Алматы полициясы қаладағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірқатар шара қабылдады.

Патрульдік полицияның саны ұлғайып, учаскелік полиция инспекторларының тұрғын үйлерді аралауы ұйымдастырылды.

Көлік өткізуді қамтамасыз ету және кептелісті болдырмау мақсатында патрульдік полиция инспекторлары қолмен реттеуге көшті.

Сонымен бірге, Алматы полициясы азаматтарды үйлерінің есігін жабуға шақырады.

Сабырлы болыңыз және тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз, делінген ІІМ таратқан хабарламада.