Орын алған жер сілкінісі туралы ақпаратты жасанды интеллект «Google-android» ақпараттық жүйесі және «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы жеткізді.
Халықты хабардар ету SMS-тарату, телерадиоарналарды қармау, БАҚ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер және 530 адамдар көп жиналатын объектілердегі дауыс зорайтқыш қондырғылары арқылы жүргізілді.
Алматы қ. ТЖД БАҚ-қа: жер сілкінісі кезіндегі дұрыс және негізгі іс-қимылдар туралы, тиісті мемлекеттік органдарды хабардар ету туралы ұсынымдары бар хабарлама таратты.
SMS-хабарлама түнде үш рет уақтылы жіберілді. Бірақ ұялы байланыс операторларының байланыс желілерінің жүктелуіне байланысты хабарламалар кейінірек келген жағдайлар болды.