Русский Сайттың толық нұсқасы

Әмір ширек финалға шықты

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2024
  • 2182

Отандасымыз Әмір Омарханов Австралия ашық чемпионатының жасөспірімдер арасындағы додасының ширек финалына шықты. 17 жастағы Әмір турнирдің бірінші ракеткасын жарыстан шығарған еді. Үшінші айналымда жарыстың 14-ракеткасы Ким Жанг Жунды (Корея) 6:3, 5:7, 6:0 есебімен жеңді. Әмір Мельбурндағы үш матчта да үш сет ойнады. Бастысы берілмейді, әр допқа жүгіріп, ұпай алуға тырысты.