Русский Сайттың толық нұсқасы

Жезқазған – Петропавл тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2024
  • 1402

Жезқазған – Петропавл тас жолында болған жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Petropavlovsk.News.

«23 қаңтарда сағат 16.00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл тас жолында Peugeot және Toyota Camry көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Peugeot және Toyota Camry көліктерінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Көліктер мамандандырылған тұраққа орналастырылды», - делінген хабарламада.