Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында жаңа туған сәбиге құтқарушының аты берілді

Ақмола облысында жаңа туған сәбиге құтқарушының аты берілді. 10 қаңтар күні Ерейментау ауданында аяғы ауыр әйел боранда жоғалып кеткен еді. Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Амангелді Доскенов аязда денесін үсік шалғанына қарамастан, көпбалалы ананы іздеп тауып, құтқарған. Ол кезде әйел жүктіліктің 35-ші аптасында болған. Аман-есен ұлын бауырына алған отбасы перзентханадан шығару рәсіміне құтқарушыны да шақырды. Жаңа туған Амангелді- үйінің жетінші баласы.

Амангелді ДОСКЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Елді қорғайтын батыр болсын. Ауырмасын! Сізге тірек болып өссін. Осы Ерейментаудың құрметті азаматы болсын.