Былтыр әйелдер мен балаларға қатысты 36 қылмыстық іс бойынша қолдау көрсетілген. Резонанс тудырған 11 іс ерекше бақылауға алынды. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қорытынды отырысында айтылды. Ұлттық комиссия Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтарды ескере отырып, отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруда. Бас қосуда Ұлттық комиссия жұмысының алдағы күн тәртібі белгіленді. Биыл Ұлттық комиссия қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталмақ.