Русский Сайттың толық нұсқасы

Шалғай ауылға жұмыс істеуге барған жас маман 8,5 миллион теңге алады

Енді ауылға жұмыс істеуге келген медицина мамандарына көтерме жәрдемақы беріледі. Оның көлемі - 100 ең төменгі жалақы. Яғни, шалғайға келген жас бір мезетте 8,5 миллион теңге алады. Бұл «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы негізінде қолға алынған. Бұдан бөлек, салаға еңбегі сіңгендерге мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем төленеді. Сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» жаңа құрметті атағын тағайындау көзделген. Жаңа заң Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданды.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауылдағы дәрігерлердің жетіспеушілік проблемасын шешу бойынша біз берген, «AMANAT» партиясы берген уәдесін біз орындадық. Енді осы дәрігерлер 9 миллионға жуық қаражатты бірмезгіл көтерме ақыны алатын болады. Бұл ауылдағы дәрігер жетіспеушілігі мәселесін шешудің бірден-бір жолы.