Русский Сайттың толық нұсқасы

"Оскар-2024" киносыйлығының номинанттары белгілі болды

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2024
  • 2341

Беделді "Оскар" киносыйлығына үміткерлердің қорытынды тізімін Америка киноакадемиясы жариялады. Марапаттау рәсімі 10 наурызда өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Оскардың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми сайттағы дерек бойынша 96-шы Оскар марапаттау рәсімі 2024 жылдың 10 наурызында өтеді.

Сыйлыққа негізгі үміткерлер тізімінен төмендегі фильмдер мен олардың авторлары табылды:

Үздік фильм - "Американское чтиво", "Анатомия падения", "Барби", "Оставленные", "Убийцы цветочной луны", "Маэстро", "Оппенгеймер", "Прошлые жизни", "Бедные-несчастные", "Зона интереса.

Үздік режиссер - Жастин Трие ("Анатомия падения"), Мартин Скорсезе ("Убийцы цветочной луны"), Кристофер Нолан ("Оппенгеймер"), Йоргос Лантимос ("Бедные-несчастные"), Джонатан Глейзер ("Зона интересов").

Үздік актер - Брэдли Купер ("Маэстро"), Колман Доминго ("Растин"), Пол Джаматти ("Оставленные"), Киллиан Мерфи ("Оппенгеймер"), Джеффри Райт ("Американское чтиво").

Үздік актриса - Аннетт Бенинг ("Дайана Найэд"), Лили Гладстоун ("Убийцы цветочной луны"), Сандра Хюллер ("Анатомия падения"), Кэри Маллиган ("Маэстро"), Эмма Стоун ("Бедные-несчастные").

Қосалқы рольдегі үздік актер - Стерлинг К. Браун ("Американское чтиво"), Роберт Де Ниро ("Убийцы цветочной луны"), кіші Роберт Дауни ("Оппенгеймер"), Райан Гослинг ("Барби"), Марк Руффало ("Бедные-несчастные").

Қосалқы рольдегі үздік актриса - Эмили Блант ("Оппенгеймер"); Дэниэль Брукс ("Цвет пурпурный"); Америка Феррера ("Барби"); Джоди Фостер ("Дайана Найэд"); Давайн Джой Рэндольф ("Оставленные").

Үздік түпнұсқа саундтрек - "Американское чтиво", "Индиана Джонс и колесо судьбы", "Убийцы цветочной луны", "Оппенгеймер", "Бедные-несчастные".

Үздік ән - The Fire Inside ("Обжигающе горячий"), I’m Just Ken ("Барби"), It Never Went Away ("Американская симфония"), Wahzhazhe ("Убийцы цветочной луны"), What Was I Made For? ("Барби").