Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тиіспей-ақ қойшы": Ғазизхан Шекербеков кімдердің әнін орындағанын қаламайтынын айтты

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2024
  • 3263

Әнші Ғазизхан Шекербеков өз әнін орындайтындарға қоятын талабын айтты. Композитор REVUE NEWS бағдарламасында туындысын орындайтын адамды тыңдап көретінін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әнді сұрайтыны бар, сұрамайтыны бар. Жақын араласатын болғандықтан, кейде рұқсатымды беремін. Жалпы тыңдап көремін. Жақсы болса, айта бер деймін. Ал онша емес болса, тиіспей-ақ қойшы деймін. Кейде танымайтындар орындап жатады ғой. Бір шетінен қуанасың, әніңді ұнатып тұрғанына. Бір шетінен сол әнмен оның да тыңдарманын тауып, өнерде бағы жанып кетуіне себепкер боласың. Өкпе, ренішім жоқ. Қатты кірісіп, бейнебаян түсіріп, иеленіп кетсе, ренжуім мүмкін. Кавер ретінде орындауына қарсы емеспін", - деді Шекербеков.