Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында жерді мақсатты игермегендерге қомақты салық салынып жатыр

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2016
  • 2532

Атырау облысында бос жатқан 9 мың гектар жер учаскесі анықталды. 61 жеке және заңды тұлға енді салықты 10 есе артық төлейтін болады.  Жерді мақсатсыз пайдаланғандарға былтырдан бастап осындай шара қолдану туралы шешім қабылданған. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері айтты.

Гүлсім Тоғайбаева, Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

Тиісті мақсаттарда игерілмей жатқан жерлер көп Атырау облысы бойынша. 2015 жыл үшін, мысалы, 1300 гектар жер учаскесіне сәйкес, 4 млн теңгеге жуық салық түсті бюджетке. Қосымша заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, қосымша салық есептіктерін тапсырды.  Сонымен қатар жеке тұлғалардың да салықтары 10 есе  ұлғайтылып, бюджетке айтарлықтай көп сомма түсті.

Жергілікті билік гектарлап жер алып, оны сатып, саудаға айналдыратындармен күресеміз,- деп отыр. Ал мақсатты пайлаланылмаған аумақтардың басым бөлігі  - ауыл шаруашылығына арналған жерлер.

Серік Шапкенов, Атырау қаласының әкімі:

Қазіргі кезде Атырау қаласы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан 50-ден астам және көлемі 5 мың гектарға жететін учаскелер анықталды. Пайдаланылмай жатқан жерлерді тексеру барысында 160 жер учаскесі анықталып, оның ішінде мүлдем игерілмеген 126 жер учаскесі иелеріне шара қолдану үшін жұмыстанып жатыр. Сонымен қатар 246 жер учаскесіне тағы да тексеру жүргізіледі.