Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қола жүлдегер атанды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2024
  • 676

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында кезекті жүлде қоржынға түсті. Алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынған бәсекеде ерлер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. 3-орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустрияны 6:5 есебімен ұтты. Айта кету керек, топтық кезеңде Қазақстан мен Австрия өзара ойнап, ол кезде еуропалық команда 9:8 есебімен жеңіске жеткен болатын. Әзірше IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанда 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

ХОККЕЙШІЛЕРІМІЗ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

ҚХЛ-ның тұрақты маусымының матчында СКА «Барысты» өз алаңында жеңді. Кездесу Санкт-Петербургте өтіп, 7:0 есебімен аяқталды. Шабуылшылар Василий Глотов пен Марат Хайруллин дубльден жазды. Шабуылшылар Алекс Гальченюк, Арсений Грицюк және қорғаушы Степан Фальковский де тағы бір мәрте гол соқты. Грицюк сонымен қатар төрт нәтижелі пас берді. 26 қаңтарда «Барыс» сырт алаңда «Ладамен» кездеседі.

«Барыстың» шабуылшысы Энтони Камара ойынға қатысты пікір білдірді:

«Өте ауыр тиген жеңіліс болды. Бүгін бабымыз бен бағымыз бізден қашты деуге болады. Барлығы біз жоспарлағандай болмады. СКА барлық текетіресте бізден басым болды. Әрине бүгін олар бізден мықтырақ болды. Енді босаңсуға болмайды. Маусым өте ұзақ және біз команда ретінде бір жұдырықтай бірігуіміз қажет. Бас қатырар шаруа шаш етектен. Жаттығу жиындарында қателіктермен жұмыс істейміз.»

 «БАРЫС» СЫРТ АЛАҢДА СКА-ДАН ОЙСЫРАЙ ҰТЫЛДЫ

 «БАРЫС» ХК-НЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ

«Өте ауыр тиген жеңіліс болды. Бүгін бабымыз бен бағымыз бізден қашты деуге болады. Барлығы біз жоспарлағандай болмады. СКА барлық текетіресте бізден басым болды. Әрине бүгін олар бізден мықтырақ болды. Енді босаңсуға болмайды. Маусым өте ұзақ және біз команда ретінде бір жұдырықтай бірігуіміз қажет. Бас қатырар шаруа шаш етектен. Жаттығу жиындарында қателіктермен жұмыс істейміз.»

«Самара» мен елордалық «Астана» кездескен ВТБ Біріккен лигасының матчы аяқталды. Ойын Самарада өтіп, 78:66 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы қорғаушы Карвел Андерсон болды, ол 20 ұпай жинады. Ал Ройс Хэмм 17 ұпай еншіледі. Осылайша, «Астана» Біріккен лиганың биылғы маусымындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Енді 28 қаңтар «Астана» мәскеулік «Руной» кездеседі.

«АСТАНАНЫҢ» БАС БАПКЕРІ ОЛЕГ КИСЕЛЕВ ОЙЫННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН АЙТТЫ:

«Тапсырманы мүлтіксіз орындаған ойыншыларды шын жүректен құттықтағым келеді. Қорғаныс шебіндегі ойыншыларды ерекше атап өтер едім. Біз «Самараға» тек 66 ұпай жинауға мүмкіндік бердік. Бұл жақсы жетістік. Сонымен қатар соңғы минуттарда ұқыпты ойнағанамызды айтар едім. Кіл мықтылардан жиналған азулы қарсыласымызды тізе бүктірдік. Біз үшін маңызды ойын болды.»

 «АСТАНА» «САМАРАДАН» БАСЫМ ТҮСТІ

 «АСТАНА» БК БАС БАПКЕРІ

«Тапсырманы мүлтіксіз орындаған ойыншыларды шын жүректен құттықтағым келеді. Қорғаныс шебіндегі ойыншыларды ерекше атап өтер едім. Біз «Самараға» тек 66 ұпай жинауға мүмкіндік бердік. Бұл жақсы жетістік. Сонымен қатар соңғы минуттарда ұқыпты ойнағанамызды айтар едім. Кіл мықтылардан жиналған азулы қарсыласымызды тізе бүктірдік. Біз үшін маңызды ойын болды.»

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Оттини-Лувен-ла-Нев қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өте алмады. Евсеев бірінші айналымда бельгиялық Готье Онклиннен 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Кортта Денис 3 эйс және 3 қос қатеге жол берді. Онклин екінші айналымда француз Паир және швейцариялық Ридл кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің екінші айналымына өте алмады

Теннис әлемінің мықтылары жиналған Australian Open-2024 турнирі қыза түсті. Неміс теннисшісі Александр Зверев байрақты бәсекенің жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда ол әлемнің екінші ракеткасы Карлос Алькарасты жеңіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ойын 3 сағатқа созылып, 6:1, 6:3, 6:7, 6:4 есебімен аяқталды. Енді турнирдің финалына өту үшін Зверев ресейлік Даниил Медведевпен бақ сынасады.

ЗВЕРЕВ АЛЬКАРАСТЫ ЖЕҢДІ

Испания Кубогының ширек финалдық матчы аяқталды, онда Атлетик Барселонаны қабылдады. Матч 4:2 есебімен овертаймдағы алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Атлетик құрамында Горка Гурусет және Ойан Сансет гол салды. Барселона үшін Роберт Левандовски мен Ламин Ямал ерекшеленді. 106-минутта Иньяки Уильямс Атлетик үшін жеңіс голын соқты. Матчтың соңғы нүктесін оның ағасы Нико Уильямс 120 минутта қойды. Осылайша, Атлетик Испания Кубогының жартылай финалына шықты, ал Барселона жарыстан шет қалды.

 «АТЛЕТИК» «БАРСЕЛОНАНЫ» ЖАРЫСТАН ШЫҒАРДЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді. Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап Винлайн Ресей Премьер лигасының қысқы кубогы өтеді. "Қайрат" футбол клубымен және Винлайн компаниясымен бірге Сіз Абу-Дабиге жолдама және бағалы сыйлықтар ұтып ала аласыз!