Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрғындар тапқан табысының үштен бір бөлігін көріпкелге жұмсайды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2024
  • 660

Қазір бақсы-балгердің дәурені жүріп тұр. Тұрғындар тапқан табысының үштен бір бөлігін көріпкелге жұмсайтын көрінеді. Балгерлер тіпті қазір ғаламтор желісін де жаулап алған. Арнайы сайттары бар.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

«Өмірден түңіліп жүрсіз бе? Алға қойған мақсаттарыңызға жету үшін түрлі қиындықтарға тап болдыңыз ба? Өмірлік жар таңдауда қателесуден қорқасыз ба? Ендеше, төменде көрсетілген телефонға хабарласыңыз» деген жарнама желіде желдей есебі. Расында, бұған сенуге болады ма? Алдымен халықтың пікірін білейік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Иә, барып көрдім, кейде шын айтады ғой, келеді ғой кейде.
- Мен оған негізі дұрыс қарамаймын, олай болашағын білгенге. Ол Ислам дінінде де дұрыс емес негізі.
- Телефонда барлығы онлайн болып кетті ғой, жоқ мен ондайға сенбеймін

Эксперимент ретінде мен де ғаламтордағы хабарландыру арқылы көріпкелдердің біріне жазылып, бардым. Болашақта өзімді не күтіп тұрғанын сұрадым.

Көріпкел жаңа пәтерге көшетінімді және қаржылай мол табысқа жететінімді айтты. Балгердің бал тіліне алданғаным сонша, жаңа баспанаға көшетініме өзім де сеніп қалдым. Ал психологтар бойында сан түрлі қорқынышы бар адамдар бақсы-балгерлер көмегіне жүгінеді дейді. Бойындағы сенімсіздіктен, алдағы өмірлеріне сценарий алу үшін баратын көрінеді.

Серікгүл САЛИ, ПСИХОЛОГ:

Белгілі бір сценарий алу үшін барады . Ондай сценарий мені таңдау мүмкіндігінен, таңдау еркінен өзіме берген өмірді, өзімнің қалауымша сүруден айырады. Сол себептен ондайға баратын адамдар аянышты адамдар.

Шариғатта қалай? Бақсы- балгерлер туралы имамдар не дейді?

Жақып ӘЛІМОВ, «АҚМЕШІТ» МЕШІТІНІҢ АЗАНШЫСЫ:

Кімде кім бақсы балгерлерге барып жолын аштырып. Соның айтқаны рас айтып жүрген сөздері дұрыс дейтін болса, онда ол Мұхаммедке жіберген, яғни дінімізге қарсы келгені дейді. ғалымдар дінімізге қарсы келгені дегені, шариғатымызда балгерге барып оған сенуді арам екендігін түсіндіреді.

Адамдар жан күйзелісіне ұшыраған кезде бақсы-балгердің көмегіне жүгініп, жеке басының проблемасынан арыламын деп ойлайды. Алайда бұл – қате пікір.

– Жеке басыңызда туындап жатқан мәселені өзіңіз ғана шеше аласыз. Бұл- менің емес, мамандардың кеңесі.