Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның жас жазушылары мен ақындары президенттік әдеби сыйлыққа ие болды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2024
  • 1924

Бүгін Алматыда өткен салтанатты іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті.

2023 жылы жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалды. Әдеби сыйлық 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлерге арналған.

Авторлар бұған дейін халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған өз шығармаларын ұсынып, барлығы 53 өтінім қабылданды. Оның ішінде "Балалар әдебиеті" номинациясына - 17, "Драматургия" номинациясына - 9, "Поэзия" номинациясына - 13, "Проза" номинациясына - 14 үміткер бар.

Өтінімдердің барлығы жіті қаралып, шығарманың көркемдік деңгейі арнайы сараптамадан өтті.

Министр "Қазақстанның жас жазушылары мен ақындарына арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты" атағының иегерлеріне арнайы дипломдар мен төсбелгілер және ақшалай сыйлықтар табыс етті.