Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2024
  • 648

Жүргізушіге апаттық жағдай туғызған жол жүру ережесін бұзу және маневрлеу ережесін бұзу бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында желі қолданушыларының бірінің Қарағанды қаласындағы Н.Назарбаев даңғылында жолдың тайғақ екеніне қарамастан, жылдамдықты асырып, жол жүру ережесін өрескел бұзған Toyota автокөлігі жүргізушісінің бейнежазбасын анықтады.

Көлікті 32 жастағы азамат басқарған. Жүргізушіге апаттық жағдай туғызған жол жүру ережесін бұзу және маневрлеу ережесін бұзу бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған құқық бұзушылыққа байланысты жүргізушіге 55380 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.