Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны Индира Жантөреева «тұзды бөлмені» іске қосты. Оның пайдасын ұзақ зерттеген кәсіпкер бірнеше ауруға ем екенін айтады. Сонымен қатар тыныс алу жолдарын микробтардан қорғап,ағзадағы зат алмасуды жақсартады дейді.
Индира ЖАНТӨРЕЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Бронхиальная астма, лор ауруларға, тері ауруларына, экзема, псорияз сондай ауруларға өтепайдалы. Тұз өзіміздің жергілікті, Қызылордадан келіп жатқан тұз. Жәнейодталмаған тұз бұл. Ересек адамдар 40 минут, кішкентай балаларға 30 минут.
Кәсіпкердің жоспарын жүзеге асыруына «Ауыл аманаты» жобасы сеп болған. Соның негізінде ол 8 млн 600 мың теңге жеңілдетілген несие алған. Жалпы ауданда жоба аясында қызанақ пастасын өндіру, кондитерлік өнімдер пісіру цехы жұмыс істеп тұр. Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы негізінде аймаққа 3 млрд.теңге қаржы бөлінген. Бұл көптеген шағын кәсіп иелерінің ісін дөңгелетуіне мүмкіндік берді. Қызылордалық ауыл тұрғындарының белсенділігі ерекше дейді Ауылшаруашылығы министрлігі өкілдері.
Дамир АСПАН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
2-3айдың ішінде игеріліп кетті. Бұл дегеніңіз ауыл тұрғындарының, ауылдағы кәсіпкерлердің,олардың әлеуметі, салмақты жобалары. Соның нәтижесінде 407-ге жуық жобалардықаржыландырса, 500-ден астам жұмыс орындары ашылса, тағы да келесі жылға, яғни 24-ші жылға шамамен 2 есе ұлғайтып 5,7 яғни 6 млрдқа жуық бөлінеді ма деген жоспарымыз бар.