Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қостанайдағы өндіріс орындарын аралады

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов машина жасау саласының бірқатар өндіріс орындарын аралады. Үкімет басшысы әуелі жылына 70 мыңға дейін көлік шығаратын Kіа автомобиль зауытының құрылысымен танысты. Өндіріс орны 2025 жылы іске қосылады. Мұнда мың бес жүз жаңа жұмыс орны ашылады. Бастапқы кезеңде шағын торапты 3 модель өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Үкімет басшысы елімізде автомобиль өнеркәсібі қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Былтыр 148 мың автокөлік шығарылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Әлихан Смайылов «Allur» зауытының да өндірістік жоспарымен танысты. Ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «АгромашХолдинг KZ» локализация орталығында болды. Премьер-Министрге заманауи теміржол терминалын салу жобасы ұсынылды. Құрғақ порт контейнерлік тасымалдау көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 6400 комбайн мен трактор шығарылды.Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда жиырма процентке көп.Міне қазір жергілікті қамту орталығында тұрмыз.Бұл өте маңызды орталық.Неге десеңіз қосымша қосылған құн Қазақстанда болады.Және жұмыс орындары ашылады.Шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік болады.Сондықтан осындай индустриалдық аймақтарға шағын бизнесті тарту үшін біз жағдай жасаймыз.