Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда ер адам тұрғындарды алдап, олардың банк картасынан ақша шешіп алған

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2024
  • 1605

Полицияға төрт тұрғыннан арыз келіп түсті. Олардың айтуынша, банкоматтың алдында бейтаныс адам ақшаларын шешіп беремін деп, жасырын түрде "Сіздің есеп шотыңызда ақша қаражаты қалмады" деп алаяқтық жолмен ақшаларын шешіп алған, деп хабарлайды polisia.kz.

Жәбірленушілерге 243 000 теңге шығын келген. Полицейлер 37 жастағы ер адамның жеке-басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.