Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісуда облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2024
  • 1298

Жетісу облысы Алакөл ауданында Алматы - Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды polisia.kz.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.