Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола полицейлері елді мекенге кірген елікті аулау фактісін тергеп жатыр

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2024
  • 2639

Ауыл тұрғыны үйінің терезесінен көрші үйдің аумағында жүрген үш сібір елігін көрген. Ер адам үйде сақталған ТОЗ маркалы мылтықты алып, жабайы жануарларға бірнеше рет оқ жаудырған.

Бір елікке оқ тиіп, басқалары қашып құтылды. Содан кейін ауыл тұрғыны тұшаны сою үшін шаруашылық ғимараттарға апарған, алайда полицейлер оны сол жерде ұстады.

Полицейлердің заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.