Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2024
  • 1899

Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Серік Мұхамедиев өзінің Instagram парақшасында бұл үйдің төбесі ешқашан жөнделмегенін айтты.

"Соңғы күндері қалада қалың қар жауды. Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты, бүгін Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті. Айта кету керек, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жасалмаған екен. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр", - деді Серік Мұхамедиев.

Әкімнің айтуынша, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-жылдары салынған.

"Біразында жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмепті, үйдің жай-күйіне меншік иелері тарапынан тиісті назар аударылмаған", - деді Серік Мұхамедиев.

Төтенше жағдайға байланысты әкім қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлерге шатырларды қар мен мұздан тазартуды сұрады.