Русский Сайттың толық нұсқасы

Дубайдағы беделді бәйгеде қазақстандық сәйгүлік жеңіске жетті

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2024
  • 644

Астаналық «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дың кезекті туры аясында өз айдынында Қазанның «Ақ Барсын» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ойынға дейін «Барыс» Шығыс конференциясында соңғы 12-орында тұрған. Ал, Татарстан командасы жетінші сатыда еді.

Кездесудің бірінші кезеңінде «Ақ Барс» астаналықтар қақпасына екі шайба соқса, «Барыс» бір голмен жауап қайтарды. Ал, екінші кезеңде жанкүйерлер мүлдем соғылған гол көрген жоқ. Үшінші кезең қарсыластар шабуылды үдеткенімен, тек қонақтар жеңісті голын соғып, қорытынды нәтижені шығарды.

Айта кету керек, бұл – «Барыстың» қатарынан бесінші жеңілісі. Олег Болякин шәкірттері жарысты ең соңғы орынмен аяқтауға жақын. «Барыс» келесі ойынды 31 қаңтарда «Авангардтқа» қарсы өткізеді.

«БАРЫС» ҚАТАРЫНАН БЕСІНШІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ

Теннистен Аустралия ашық біріншілігін алғаш рет италиялық теннисші Янник Синнер жеңіп алды. Финалда ол Ресей тумасы Даниил Медведевпен кездесіп, 6:3, 6:3, 4:6, 4:6, 3:6 есебімен басым түсті. Ол алғашқы екі сетте жеңіліп тұрып камбэк жасады. 22 жастағы Синнер «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирді алғаш рет жеңіп алды. Айта кету керек, Даниил Медведевтің еншісінде бір «Үлкен дулыға» бар. Ол 2021 жылы АҚШ ашық біріншілігін барлығынан басым болған еді. Сондай-ақ, осы сериядағы бес турнирдің финалында өнер көрсетіп жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бүған дейін әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Australian Open турнирінің финалында жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Соболенко финалда қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен басым түсті

AUSTRALIAN OPEN ТУРНИРІН ИТАЛЬЯНДЫҚ ЯННИК СИННЕР ЖЕҢІП АЛДЫ

Футболдан Азия кубогіне алғаш рет қатысып отырған Тәжікстан құрамасы өз тобынан плей-офф кезеңіне шығып бір сенсация жасаса, 1/8 финалда БАӘ-ін жеңіп, жанкүйерлерін тағы қуантты.

Катардың Әл-Райан қаласында өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталған. Пенальти сериясында тәжік футболшыларының жолы болды, есеп – 5:3.

Ойынның негізгі бөлігінде есепті Тәжікстан ашқан. 30-минутта Зоир Джурабоев көзге түсіп командасын алға сүйресе, 90+5 минутта Біріккен Араб Әмірліктері сапынан Халиф әл-Хамади есепті теңестірді. Мұнан кейін қос құрама пенальти тебісті.

Ширек финалда тәжік футболшылары Ирак – Иордания матчының жеңімпазымен кездеседі. Бұған дейін Аустралия құрамасы 1/8 финалда жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққан болатын.

Тәжікстан Азия кубогінде тағы да сенсация жасады

Қазақ файтері Дамир Исмағұлов кәсіпқой карьерасын «Наше дело» лигасында жалғастырады. Ол 2 наурызда өтетін Наше дело 82 турнирінде АСА Гран-приінің жеңімпазы Эдуард Вартанянмен кездеседі.

Дамир Исмағұлов UFC-дегі кейінгі жекпе-жегін былтыр шілде айында өткізіп, америкалық файтер Грант Доусоннан төрешілер шешімімен қарсыласына есе жіберген еді. Осылайша Дамир қатарынан екінші жекпе-жегінде жеңілген болатын.

ДАМИР ИСМАҒҰЛОВ «НАШЕ ДЕЛО» ЛИГАСЫНА АУЫСТЫ

Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде қазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәре сызығын тағы да бірінші болып кесті. БҚО бәйге федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық сәйгүліктің қарсыластары қатарында былтырғы экс чемпион Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст, Милитари Ло болды. Бәйгеде барлығы 12 тұлпар бақ сынады. Осылайша, Кабирхан 1 млн доллар еншіледі.

Енді наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады. Онда 7 млн доллар сыйлықақы уәде етілген.

Айта кетейіе, Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.

ДУБАЙДАҒЫ БЕДЕЛДІ БӘЙГЕДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СӘЙГҮЛІК ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

31 жастағы беларусь шабуылшысы Николай Сигневич «Атыраудың» ойыншысы атанды. Ойыншы «Атырауға» еркін агент ретінде көшті. Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалған.

Сигневич мансабының басында Беларусьтің «Смолевичи», «Динамо» Брест және БАТЭ сияқты клубтарында ойнады. Сондай-ақ ресейлік «Химки», венгриялық «Ференцвароше» және грекиялық «Платаниасе» командаларында ойнаған.

«Атырау» беларусь шабуылшысымен келісімшартқа отырды

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді. Сондай ақ экранда алдыңғы ойындардың нәтижесі көрсетілген! Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап Винлайн Ресей Премьер лигасының қысқы кубогы өтеді. "Қайрат" футбол клубымен және Винлайн компаниясымен бірге Сіз Абу-Дабиге жолдама және бағалы сыйлықтар ұтып ала аласыз!