Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда нодулярлы дерматиттен өлген малдарға өтемақы төленді

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2016
  • 2856

Атырауда нодулярлы дерматиттен қырылған  сиырларға  өтемақы төленді. Ол үшін республикалық бюджеттен 185 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымбек Бисенғалиев мәлімдеді.

Ғалымбек Бисенғалиев, Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:

Бір жасқа дейінгі төлдерге 75 мыңнан келіп отыр, екі жасқа дейінгі төлдер деп айтамыз, оларға 135 мыңнан келіп тұр, аналық малдарға 172 мыңнан, ірі қара малының бұқасына 208 мыңнан келіп отыр қаражат бағасы. Төленбей қалған мал жоқ. Өлген малдардың бәрі құжатталды.

Айта кетейік, биылғы жылдың маусым айында тіркелген қауіпті індетке алты мыңдай мүйізді ірі қара шалдығып, 1150-і қырылып қалған болатын. Инспекция басшысының мәліметінше, қазіргі уақытта өлген мал иелерінің барлығы дерлік өтемақыны алып болған. Тек соңынан тіркеліп, кейбір құжаттарында қателік кеткен 23 бастың  өтемақысы 20 қаңтарға дейін толық төленеді,- дейді Ғалымбек Бисенғалиев. Дегенмен облыстың Құрманғазы мен Исатай аудандары мен Атырау қаласының селолық округтерінде  карантин жағдайы сақтаулы.