Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жолақысы 200 теңгеге қымбаттады

Павлодарда жолақысы қымбаттады. Енді тұрғындар 200 теңге төлеуге мәжбүр. Шымкентте де қоғамдық көлікте жүру құны өспек. Бас қалада автобустың ақысын төлемейтіндер көбейген. Олардың шығындары қалай жабылмақ? Тілшілеріміз рет-ретімен баяндасын.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Павлодарда жолақысы 40 теңгеге өсті. Бұған дейін павлодарлықтар 160 теңге төлеген болатын. Енді 200 теңге төлейді.

Ал арнайы төлем жүргізетін карталармен есептесу халық үшін тиімді болмақ. Яғни, банк қосымшалары арқылы жол ақысын төлесе, 100 теңгені үнемдеуге болады. Сараланған тариф 1 қаңтардан бастап енгізілді. Ал зейнеткерлер мен басқа да әлеуметтік санаты бар тұлғалар жол ақысының жартысын ғана төлейді.

Оразбек САЯХАТ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Жол жүру кезінде қоғамдық көлікте жол жүру картасын немесе тиісті құжаттарды көрсеткен кезде азаматтардың 15 санаты үшін жеңілдіктер қарастырылған. Яғни бұрынғыдай жеңілдіктер сақталған. 50 пайыз. Бұл тарифтің өзгеруі қоғамдық көліктегі көлік құралын, автобустарды жаңартуға қызмет көрсету сапасына қажет.

Ал тұрғындар жолақысының бұлай қымбаттауы қалтаға салмақ салатынын айтады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бірінші кезекте барлығында дерлік үлкен кісілер бар ата-әжелер. Оларда арнайы карта немесе QR жағын білмейді ,ой жастар жағына қарағанда. Мүмкін олар білмеген себептен толық төлем 200-ге шығып жатыр екен.
- Картамен төлегенде 100 теңге, ал қолма қол 200 теңге. Бұл өте әділетсіз. Бірдей төлем болғаны дұрыс деп ойлаймын жалпы. Халықты ойлау керек. Сондықтан менің ойымша бұл дұрыс емес.

Павлодарда 34 бағытқа жүретін қоғамдық көліктің 27-сінде жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, бұл маршруттар мемлекеттен субсидия алады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Павлодарда жол ақысы соңғы рет екі жыл бұрын көтерілген. Ол кезде сараланған тариф енгізіліп, қолма-қол төлем жасайтындар үшін бақандай 40 теңге қосылды.

Шымкентте де жолақысы қымбаттайды. Айзада, өзгерісті оңтүстік тұрғындары қалай қабылдап жатыр?

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жолақысы Шымкентте 30 теңгеге қымбаттайды. Ал қолма-қол төлейтіндер екі есе шығынданады. Жолаушылар жаңа тариф бойынша көктем бастап төлем жасауы мүмкін.

Үшінші мегаполисте автобуста жүру ақысы дәл қазір 70 теңге. Тек қолма-қол төлейтіндер 100 теңге береді. Қоғамдық көліктер қалада 77 бағытта қызмет көрсетеді. Қымбатшылықта автобустардың жүріп-тұруына қазынадан бөлінетін субсидия сеп болып тұрған секілді. Былтыр 20 млрд дан астам қаржы бөлініпті. Биыл одан аз болмақ. Соңғы рет қалада тариф 2016 жылы бекітілген.

Самат НҰРЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Сол жылдан бастап қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай, автошина үш-төрт есе өскен. Мысалы жанармайдың бағасы 195 теңге болса, солярка, қазір 300 теңгеге жетті. Аккумулятор мысалы 25 мың тұратын аккумулятор 60 мың болып кетті. Негізінде тариф көтеру акимияттың құзырында. Бірақ біз мәслихатпен келісеміз...

Тасымалдаушылардың шығыны көптігін көлденең тартқан басқармадағылар бұл жобаның алдағы уақытта қоғамдық кеңесте талқыланып, заңға сәйкес процесстен өтетінін айтады. Бірақ алдағы бірер айдың көлемінде тарифті көтермесек болмайды деп отыр. Егер барлығы мақұлдаса –шымкенттіктер төлем картасы, кьюар код сынды төлем түрлерін қолдану арқылы -100 теңге, ал қолма-қол 200 теңге төлеуі мүмкін. Алайда миллионды шаһар тұрғындарының барлығы бірдей бұл ұсынысты құптап жатқан жоқ. Қолдаушылар да табылуда.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қазіргі таңда барлық нәрсенің бағасы өсіп жатыр и жолақысының да қалтаға салар ауырлық тиіп тұрған жоқ бұл жерде. Менің ойымша дұрыс. Қазір барлық нәрсе қымбаттаған. 30 теңгеде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.
- 20.00-Мен түбегейлі қарсымын жолақының көтеруіне. Зейнетақы мен жәрдемақыға аз-маз ақша қосылса болды барлық зат қымбаттап шыға келеді. Қалай күн көреміз?!

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Айта кетейін, Шымкентте күнделікті орта есеппен 200 мыңдай жолаушы автобуспен қатынайды. Шамамен соның 30 проценті оқушылар. Ал автобуспен жүретін жолаушылардың кемінде 20 проценті әртүрлі себеппен ақша төлеуден жалтаратын көрінеді. Мұндай жағдай бас қалада да көп кездеседі. Сүндет оларға қандай шара қолдануда?

Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Иа, Айзада Астанада да ақысын төлемей, діттеген жеріне тегін баратындар аз емес. Өткен жылы 202 мың адам жол жүру ақысын төлемеген.

Оның 10 мыңына 7384 теңге көлемінде айыппұл салынған. Биылдың өзінде тегін қатынағысы келген 1568 адам жауапқа тартылды. Тұрғындардың көбі қоғамдық көліктегі төлем мәдениетін қалыптастыру үшін бақылауды күшейту керек дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Студенттер төлемейді. Үлкен адамдарда төлемейтіндері бар. Жол ақысы-тәңір ақысы дейді ғой.Оны төлеп жүру міндетті ғой.
- Мұнда 90-ақ теңге төлейді ғой. Соның өзінде бар ғой енді төлемей қалатындар.
- Көрем төлемей тұрғандарын. Контроль болу керек. Тексеретіндер көбірек қарап.

Автобусқа мінсеңіз аялдама сайын тексеріс болады. Бірақ сол бақылауыңды да елемейтіндер бар. Жыл басынан жолаушылардың 20 пайызы жолақысын төлемеген. Енді бұлай білгенін істеп жүре алмайды. Бұғаттау жүйесі іске қосылды.

Орынбасар АҒЫБАЕВ, "CITY TRANSPORTATION SYSTEMS" ЖШС БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Контролерларда төлемді бұғаттайтын жабдық пайда болды. Бұл контролер автобусқа кірген бетте жол ақысын төлемейтін адамдарды ұстауға жақсы негіздеме. Өйткені соңғы сәтте төлейтін азаматтар бар.

Айыппұлдың да көлемі өспек. Қазір екі айлық есептік көрсеткіш болса, оны 5 айлық көрсеткішке жеткізілмек. Жолақысын төлемейтін жолаушылар кесірінен автобус паркі 3 миллиард теңгеге шығынға баттық деп отыр. Тариф соңғы рет 2014 жылы бекітілген. Егер төлемсіз жүретіндер азаймаса жолақыны көтеру мәселесі талқыланбақ.