Павлодарда 48 жастағы тұрғын көп қабаттың үйдің оныншы қабатынан құлап, мерт болды. Ол дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған. Бұны «103» қызметінің баспасөз қызметі растады. Оның жоғарыдан құлаған сәтін сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі бейнежазбаға түсіріп алыпты. Бейнеден оның сымға ілініп біраз уақыт тұрғаны байқалады.