«Тобыл»
футбол клубы таратылмайтын болды. Оның елу пайыздық еншісі жекеменшікке өтті.
Аталған клуб бүгін үшінші рет саудаға шығарылды. Бұл жайында облыстық қаржы
басқармасының өкілдері айтты. Алайда, мемлекет меншігіндегі ұйымды кім және
қандай ережемен сатып алғандығын басқармадағылар «коммерциялық құпия» деп отыр.
Үш рет саудаға шығарылған
клубтың құны бастапқы бағасынан төрт есе арзан, яғни 24 миллион теңгеге
сатылды. Бұған дейін қаржы басқармасы клубтың құнын төрт есе құлдыратып,
тіпті бөліп төлеу ережесін енгізген еді.
Жаңа қожайынның қалай есептесетіні әзірге белгісіз. Өйткені арада әлі
келісімшарт жасалған жоқ, - дейді басқарма мамандары. Еске салайық,
"Тобыл" футбол клубының әуелгі бағасы 95 миллион теңге болатын.