Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тағы жер сілкінісі болды

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2024
  • 1608

Бүгін, 30 қаңтар таңғы уақытта Алматыда екі мәрте жер қозғалды. Бұл туралы KAZINFORM хабарлайды.

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Бірінші дүмпу сағат 03:03 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді.