Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бейітінің үстіне қала салынған": 23 жыл өмір сүрген жазушы

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2024
  • 1521

Бүгін 30 қаңтар – Саттар Ерубаев дүниеге келген күн. Жазушы небәрі 23 жасында қайтыс болған. Алып тұлғаның өмірінің жарқын сәттері туралы Bugin.kz тілшісі деректер ұсынады.

Саттар әдебиетке жаңалық алып келген жазушы. Оның сыни ой-пікірі жаңашыл, ізденімпаз болғаны тұлғасын ерекшелейтін. Оның журналистика саласында қаламы өткір болды.

Саттар 1913 немесе 1914 жылы дүниеге келген. Мұсылманша жыл санау 355 күннен тұрады. Сондықтан бір жыл жылжуы, немесе құрсақтағы 9 ай уақыт ретінде саналуы ықтимал.

Саттар қазақ әдебиетіндегі алғашқы фантаст –жазушы. Оның «Келесі соғыс туралы» әңгімесі – екінші дүние соғысын болжаған көріпкел шығарма. Бірақ Совет үкіметіне шабуыл жасайтын батыс жақтағы немістер емес, шығыс жақтағы жапондар боп шығады. Әңгімеде уақыт машинасы да, күннен қуат алатын құрылғылар да, тоқтап қалған жүректі қайта соққызатын жасанды аппарат та, әлемді жаулап алғысы келетін жауыз ғалымдар да, олардың ыңғайына көне қоятын ғылым салалары да – жанр канондарының бәрі бар.

Саттардың атасы Ерубай бай тұрмыс кешкен. Саттардың заманындағы саясатқа байланысты оны кедей баласы ретінде көрсеткен.

Ол “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа”, “Бақыт”, “Өмір көркемдігі” атты новеллалардың авторы.

Саттар Ерубаев Алаш қайраткері Сұлтанбек Қожановпен бір мектепте білім алған. Қазір ол ғимарат Саттарр Ерубаев атымен аталатын музейге айналған. Ол Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын маңда орналасқан.

Жалынды жас 1935 жылдың жазында Ленинград университетінің аспирантурасына оқуға қабылданады. Бір жыл оқығаннан кейін дерті меңдеп, өкпе ауруы өршіп кетеді. мОл Алматыға қайтып, 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды. Бірақ дерті әбден асқынып Түркісіб ауруханасында жан тапсырады.

Саттар Ерубаев Үлкен террор басталған 1937 жылғы маусым айында дүниеден өтті. Оның сүйегі сақталмағандықтан тек 1994 жылы символдық құлпытас (кенотаф) орнатылған. Бейіті үстіне қала салынып кеткен.