Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласының мемлекеттік мұрағатында Асанәлі Әшімовке арналған музей-бұрыш ашылды

Алматыда «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышы ашылды. Қазақстан және КСРО халық артисі, Еңбек ері Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, ордендерін және өзге де марапаттарын архивке тапсырды. Сондай-ақ жылдар бойы жинаған марапаттарын, төсбелгілерін, кітаптары мен фотосуреттерін көпшілікке көрсетті. Мұражай-бұрышының ашылу салтанатына атақты өнер майталмандары мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

Асанәлі ӘШІМОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ КСРО ХАЛЫҚ АРТИСІ, ЕҢБЕК ЕРІ:

Тарих келешекке керек. Келешек ұрпаққа керек. Әр қойылған экспонат бұл тарихи еңбектерің сенің жазған, түскен суреттерің фильмнен, театрдан кадрлар бар. Соның бәрін көргенде әрқайсысың тоқталып, әңгіме айтуға болады. 30 жыл, 40 жыл, 50 жыл бағасы бұның өсе береді. Апырай мынандай болған екен ау-дейтін кейінгі ұрпаққа мағлұмат беретін нәрсе, келешекке қалдырған ісіңнің қортындысы.