Астанада орнатылған сағат Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2016
  • 2897
Астанада орнатылған сағат Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін

Жаңа жыл қарсаңында Астана қаласының көркін аша түскен әсем әрі алып сағат Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Себебі ол қазір АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Гудзон өзенінде орнатылған сағаттан 1,5 метрге үлкендеу. Есіл өзенінің ортасында бой көтерген сағат айналасындағы аумақ та -  халық демалысы үшін тамаша орын. Ал мұндағы алып сағат нақты механизммен жабдықталған.